Ақтөбеде жемқорлар қайтарған ақшаға спорттық алаң салынады

585

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлық жасап, үстінен қылмыстық іс қозғалған лауазымды тұлғалардан 197 млн теңге тәркіленген.

Ақтөбеде жемқорлар қайтарған ақшаға спорттық алаң салынады

Оның 150 млн теңгесі Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтау үшін пайдалану туралы шешім қабылданған. Қалған 47 млн теңгесіне Ақтөбе қаласында Workaut алаңын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республикада теңдесі жоқ үлкен "стрит воркаут" алаңы бой көтеретін болады. Құны – 47 млн теңге. Қазір жоба жасалып жатыр. Бір артықшылығы- ол жерде тек жаз мезгілінде ғана емес, қыста да барып жаттығуға болады. Бұл- бұқараның салауатты өмір салтын ұстауына жасалып отырған жағдай. Бір жағынан жастар арасында стрит воркаутқа қызығушылық үлкен. Күніне мыңдаған адам  жаттығуға жағдай жасалады", деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиевтің айтуынша, жылдың бірінші тоқсанында  сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері барысында  197 млн теңге өндірілген. 

"Қазір бір ай ішінде 35 млн теңгедей қаражат түсті. Алдағы уақытта қандай маңызды нысандарға қажеттілік бар екенін облыстық әкімдікпен  талқылап, сол мақсатқа бөлетін боламыз", деді Алмат Мырзалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу