Ақтөбеде жергілікті бюджеттен қосымша 100 оқу гранты бөлінді

1345

Облыста биыл мектеп бітірген түлектердің 77,2%-ы ҰБТ сынағын тапсырды. Облыс бойынша орташа балл 85,6 болып, өткен жылмен салыстырғанда 3 балға өсті. 

Ақтөбеде жергілікті бюджеттен қосымша 100 оқу гранты бөлінді

Ақтөбеде алғаш рет жергілікті бюджеттен 100 оқу гранты бөлінді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

Облыс әкімдігі жанынан құрылған конкурстық комиссия өңірге қажетті 28 мамандықты таңдап алған. Грант иегерлері еліміздегі 7 ірі жоғары оқу орнында білім алатын болады. Оның ішінде Ақтөбенің өзіндегі Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университет пен Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университеті бар. Жергілікті бюджет есебінен оқитындар диплом алғаннан кейін бірнеше жыл облыс аумағында жұмыс істеуге міндетті. Бұл жұмыстар өңірдегі кадр тапшылығын жою мақсатында жасалып отыр. 

Айта кеткен жөн, облыста биыл мектеп бітірген түлектердің 77,2%-ы ҰБТ сынағын тапсырды. Облыс бойынша орташа балл 85,6 болып, өткен жылмен салыстырғанда 3 балға өсті. 533 түлек өту балын жинай алмай қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу