Ақтөбеде жергілікті тұрғыннан 15 млн теңге бопсалаған күдікті қамауға алынды. Ол 28 жастағы азаматқа күш көрсетіп қомақты ақша талап еткен көрінеді. Жігіттің шағымынан соң ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жасағы күдіктіні қолға түсіру операциясына кіріскен. 34 жастағы азаматты полиция талап еткен ақшасының жартысын алып жатқан жерінде ұстаған. Қазір оның үстінен "ірі көлемде ақша бопсалау" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу