Ақтөбе полициясы ауыл тұрғынының үйінен 20 дана киік мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
"Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында киік мүйіздерін заңсыз сақтау дерегі анықталды. Әйтеке би ауданындағы ауылдық округтердің бірінің тұрғыны жазғы қонысында 20 дана киік мүйізі, 2 аңшы мылтығы мен оған оқ-дәрі сақтағаны ақыталып, тәркіленді", — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір Қылмыстық кодекстің "Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәларын мойындады.