Ақтөбеде жерлеу рәсімінің тарифі бекітілді

880

Ақтөбеде жерлеу рәсімінің тарифі бекітілді

Ақтөбеде жерлеу рәсімдерінің бағасы тұрақталды. Енді облыс орталығына қарасты ауылдық округтердің тұрғындары бір адамды жерлеу үшін 30 мың төлейді. Ал шаһардағы зираттарда бұл баға 80 мың теңге болып бекітілді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтөбенің іргесіндегі Қурайлы ауылында зиратқа қызмет көрсететін серіктестіктің марқұмды жерлеу үшін 100 мың теңгеден аса қаржы талап еткен еді. Тұрғындар мұнымен келіспей, наразылық танытты. Мәселеге қала басшылығы араласып, тұрғындармен бірнеше мәрте кездесу ұйымдастырған еді. Қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың сөзінше, шаһар аумағындағы 50 зиратқа бір серіктестік қана қызмет көрсетеді. Олар қорым айналасын қоршап, күтіп ұстау міндеті де жүктеледі.

"Қурайлы мәселесі бойынша бірнеше кездесу мәселелерін жүргіздік. Түсіндіру бойынша, заңды ретке келтіру бойынша түсіндіріп айтылды. Еш жерде тіркелмеген ұйымдар бөліп алып, өздері 25 мыңнан жоғары қояды, қалада 50 мыңнан 200 мыңға дейін кез-келген бағаны қойып, жерлеп жүрген болса, қазір оны реттеу мақсатында бір жолға келтіреміз. Ол бойынша әр зиратттың алдына хабарлама ілінген", - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары.

Жерлеу рәсімін өткізетін серіктестіктің өкілі Асхат Өтешев: "Қурайлыдағы зират бойынша бағаны келістік. Ол жерде 30 мың теңге. Бұл арнайы бекітілген тариф. Барлық ауылдық округтер бойынша да осы бір баға", - дейді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу