Ақтөбеде жоғалған 10 жастағы бала өзеннен іздестіріліп жатыр

132

Сарыжар ауылының тұрғыны, 2016 жылы туған Мансұр Саматов 29 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.   

Ақтөбеде жоғалған 10 жастағы бала өзеннен іздестіріліп жатыр Фото: бейнежазбадан

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жоғалып кеткен мектеп оқушысына қатысты іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Полицияның мәліметінше, баланың суға құлап кетуі мүмкін деген болжам қарастырылуда. Осыған байланысты негізгі іздеу жұмыстары Елек өзенінің аумағында жүргізіліп жатыр.

Іздестіру шараларына полиция қызметкерлерімен қатар құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар, әскери қызметшілер және жергілікті тұрғындар тартылған. Сонымен бірге, жылу камерасымен жабдықталған дрондар, арнайы техника мен тікұшақ қолданылуда. Өзенде катерлер арқылы патрульдеу ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу