Ақтөбеде жоғалған 2 ер адам табылды

935

Олар маз іздеуге шыққан. 

Ақтөбеде жоғалған 2 ер адам табылды Фото: ҚР ТЖМ

31 қаңтар күні сағат 00:21-де Кеңқияқ ауылының 2 тұрғыны жоғалып кеткені жөнінде "112" құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Аталған ақпарат бойынша 1979 және 1982 жылы туылған азаматтар 30 қаңтар күні сағат 10:00-де мал іздеуге шығып, автокөліктері қар құрсауында тұрып қалған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Іздестіру құтқару жұмыстары нәтижесінде жол талғамайтын "Трэкол" көлігі арқылы құтқарушылар 31 қаңтар күні сағат 16:20-да Кеңқияқ ауылынан 45 шақырым қашықтықта тапты. Жағдайлары жақсы. Медициналық көмекті қажет етпеді.

"Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығу қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеуі қажет. Қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автокөлік иелері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн", – дейді құтқарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу