Ақтөбе қаласының Жаңақоныс ауданында ойнап жүріп жоғалған баланың мәйіті табылды. Құтқарушылар 5 күннен кейін су бетіне қалқып шыққан баланың денесін қамыс арасынан тапты. Бұл туралы судан құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Таңғы сағат 9:00 шамасында құтқарушылар баланың денесін өзі ойнап жүрген жерден 800 метр қашықтықтан тапты", – дейді баспасөз қызметінің өкілі Оксана Кичигина.
4-сынып оқушысы Біржан Ерсайынов 13 сәуір күні жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет көршілері мұз үстінде ойнап жүргенін көрген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу