Ақтөбеде жоғалған дәрігердің мәйіті табылды

852

Нефролог Абай Айсағалиевтің туыстары оны 23 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмағанын полицияға хабарлаған. Кейін еріктілер де іздеу жұмыстарын жүргізген еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жоғалған дәрігердің мәйіті табылды Фото: canva

Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалып басталған.

"Ақтөбе қаласында 1956 жылы туған, бұрын хабарсыз кеткен ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу