Ақтөбеде жоғары шенді полицей пара алу үстінде ұсталды

944

Ақтөбеде жоғары шенді полицей пара алу үстінде ұсталды

Ақтөбедегі ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының басшысы, подполковник С. Абдулаев ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі. 

Абдулаев қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ҰҚҚ Шекара қызметінің әскери бөліміндегі қызметкерлерінен 2 миллион теңге талап еткен.  Қызметкерлерден талап еткен сомасының бір бөлігін — 700 мың теңге алып жатқан кезінде ұсталып, Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу