"Балалардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Алты балаға ота жасалды. Үш бала бас жарақатын алған, бір баланың қол-аяғы сынған. Тағы бір баланың жағы сынған. Екі баланың іш қуысы тексерілді. Қан ағып жатыр ма, жоқ па деп. Астанадан дәрігер шақырудың қажеті жоқ. Дегенмен, Ана мен бала орталығынан келіп, қарайды. Нейрохирург, травматолог келіп, тексереді қосымша. Бір балаға бірнеше рет ота жасалған жағдай да болды. Ата-аналардың барлығы кірді, балаларын көрді. Күн сайын ақпарат беріп отырмыз. Олар үйге бармай, осында отыр. Алма-кезек келеді. Кешеден бері осында жүрміз", – деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.