Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Жергілікті ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 желтоқсан күні сағат 18:45-те мұнай компаниясына тиесілі "ПАЗ" маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі қозғалысқа кедергілер мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, жол бойында тұрған "КАМАЗ" маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға кезінде шағын автобуста аймақтағы мұнай компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 12 адам болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылған. Қазіргі күні жол көлік оқиғасына байланысты тергеу жүрп жатыр.
Құралай Қуатова