Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаттықтырушы әлі күнге дейін ес-түзсіз жатыр.
Ақтөбеде жол апатынан кейін оқушылардың бірі қаза тапты. 8-і аурухананың жансақтау бөліміне түсті.
"Облыстық балалар ауруханасына 8 бала түсті. Оның екеуі қазіргі кезде ем қабылдап, үйіне жіберілді. Ал 6 бала ем қабылдап жатыр. Біреуі хирургия, бесеуі травматология бөлімінде жатыр. Бәрі де жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Ал Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жатқан жаттықтырушының жағдайы қалыпты ауыр. Ол әлі де есін жимады", – деді басқарма басшысы Рүстем Исаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу