Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

4179

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Оқиға 30-шілде күні сағат 23.30-да Самара-Шымкент тасжолында болды. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы.

"Хонда-Фит" маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қарсы бетке шыққан. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы болды. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан "Лада-Ларгус" маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада-Ларгус" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, "Хонда-Фит" автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ "Хонда-Фит" автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды",- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу