Ақтөбеде маршруттық автобус пен такси қызметі көлігі соқтығысып, зардап шеккендер бар, деп облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат жергілікті уақыт бойынша 09:40 болған. Жол қиылысында такси қызметіне тиесілі көлік пен автобус соқтығысқан. Автобустың аударылуы салдарынан 26 жолаушы (19 әйел және 7 ер адам) жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Апатқа байланысты тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу