Жергілікті билік әзірге қоғамдық көлік ақысының қашан өзгеретінін дөп басып айта алмай отыр. Алдымен тасымалдаушылар тиісті талаптарды орындап, қызмет көрсету сапасын арттыруға тиіс. Сондай-ақ автобус билетінің бағасы электрондық жүйеге өткесін өзгеруі мүмкін.
Әзірге жаңа жүйе орнатыла қоймаған. Бірақ күз айларынан бастап тестілік режимде пайда болады.
Ақтөбеде жолақы 55 теңге. Ал оның қанша теңгеге көтерілетіндігі қоғамдық тыңдаулардан кейін белгілі болады.
"Бұл көтеру мәселесі ол әкімшілік тарапынан, біздің тарапымыздан шешілетін шаруа емес. Мұның бәрін комиссияға жібереміз. Комиссиядан кейін қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер талқылап, өз нәтижелерін беретін болады", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Руслан Төреғали, .