Ақтөбеде жолаушыны ұрып, артынан автобус терезесінен қашып кеткен азамат ұсталды

1670

Жуан жұдырықты ер адамға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жолаушыны ұрып, артынан автобус терезесінен қашып кеткен азамат ұсталды Фото: sputnik.kz

Келеңсіз жағдай қоғамдық көлікте болған. 

"22 қыркүйекте әлеуметтік желілерді бақылау барысында маршруттық автобус салонындағы белгісіз ер адамның себепсіз жолаушыны жұдырықпен ұрып, ашық терезеден қашып кеткені анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 40 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған адамға қатысты қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Ал бейтаныс адамға жұдырығын ала жүгірген азамат "Ол азаматпен бір түсініспеушілік болып қалды. Кейін ол кісімен достастық. Алдағы уақытта  мұндай іс-әрекеттерге бармаймын деп халқымнан, жалпы, мұсылман жандардан кешірім сұраймын" деп бейнекешірім сұрады.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу