Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы студентті көлік қағып, мерт қылды

133

Оқиға бүгін қаладағы ағайынды Жұбановтар көшесінде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы студентті көлік қағып, мерт қылды Фото: Бейнежазбадан

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, BMW маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші оқиға орнынан кетпей, полицияға көмектесіп жатыр", – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу