Оқиға теміржол өткелінде болған. Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Өзге зардап шеккендер жоқ.
"Теміржол өткелінде жүк көлігі мен жүк пойызының тепловозы соқтығысты. Жүргізуші жеңіл дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Өзге зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелген. Құзырлы қызметтер жолды босатып, қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде бағдаршам белгілері мен шлагбаум талаптарын қатаң сақтауға шақырды.