Ақтөбеде көз жұмған жүкті әйелдің туыстары ана өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Өйткені екі баланың анасы Инна Пилич үшінші жүктілігі кезінде қатты науқастанып, ақ халаттылардың көмегіне бірнеше рет жүгінген. Нақты диагноз қойылмағандықтан, ауруы асқынып, жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болған. Ақыры жағдайы күр нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.
Алғашында науқасқа Мальформациа Арнольда - Киари диазнозы қойылып, ем қабылдаса, ал қайтыс болған соң менингоэнцефалит деп жазылған. Қазір келіншектің өліміне байланысты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу