Ақтөбеде жұмыс орнынан қомақты ақша ұрлаған бухгалтер сотталды

404

Ол жұмысқа орналасқаннан кейін төрт айдан соң ақша ұрлай бастаған.

Ақтөбеде жұмыс орнынан қомақты ақша ұрлаған бухгалтер сотталды Фото: newtimes.kz

Ақтөбедегі жеке компанияның бухгалтері 6 миллион теңгеден астам ақша ұрлап, анасының банктік шотына аударып жіберген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 51 жастағы ақтөбелік тұрғын жеке компанияға бас бухгалтер болып орналасқан. Арада төрт ай өткен соң жұмыс орнынан ақша ұрлай бастаған.

"Ол анасының банктік шотына миллиондаған теңгенің бірнеше траншын аударған, ал есептік құжаттамада бұл жеткізілген тауар үшін ақша екенін көрсеткен. Бірнеше айдың ішінде ол компанияның шотынан 6 миллион теңге ұрлап кетті. Анасы қызының қаржылық айла-амалдары туралы білмеген, тек несиесін өтеу үшін банктік картасын бергенін айтты", - деп хабарлады басылым.

Сот үкіміне дейін бұрынғы бас бухгалтер залалдың жартысына жуығын өтеген, бірақ бұл оны жазадан құтқарған жоқ. Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ кіші баласы 14 жасқа толғанға дейін бір жылға кейінге шегерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу