Ақтөбеде жұмысшы әйелдің үстіне қоқыс контейнері құлап кеткен

Ол алған жарақатына байланысты ауруханада қайтыс болды. 

Ақтөбеде жұмысшы әйелдің үстіне қоқыс контейнері құлап кеткен Фото: polisia.kz

Ақтөбеде 1 қаңтар Полиция қызметіне "103" операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz.

"Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды", – деп хабарлады Polisia.kz.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұз" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу