Алдын ала болжам бойынша ұсақтаушының үстіне кен құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-і Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жұмысшының қазасы туралы хабарлама берген.
"Ұсақтаушы А.Нұрғалиевке шахта кені құлап, мерт болған. Мұндай жағдайларда ҚР Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің және қызметкер өкілінің қатысуымен мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеу жүргізеді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижелері, тараптар кінәсінің дәрежесі тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиға туралы қандай да бір ақпарат ресми деректер болып табылмайды. Тергеу шамамен 20 қазанда аяқталады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы.