Ақтөбеде жыл басынан бері 21 полицей қылмыстық жауапқа тартылды

595

Ақтөбеде жыл басынан бері 21 полицей қылмыстық жауапқа тартылды

Ақтөбеде жыл басынан бері 21 полицей қылмыстық жауапқа тартылған, деп хабарлайды khabar.kz.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есе артып отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық кеңесінде айтылды.

Жарты жылда құқық қорғаушылар қызметін асыра сілтеп қана қоймай, қылмыстық кодекстің пара алу, алаяқтық, қарақшылық баптары бойынша жауапқа тартылған. Нәтижесінде халықтың сенімінен қалып отыр. Тұрғындар тарапынан полицейлерге түскен арыз осы уақыт ішінде 20%-ға артып, 480-нен 600-ге жеткен. Сондықтан бөлім басшыларына өңірдегі әр полицейдің тәртібін қадағалау тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу