Ақтөбеде жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагері болады

1096

Ақтөбеде жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагері болады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Әсем" балаларды сауықтыру лагерінде болды. Оның жанынан жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Балалар демалатын аймақ 13 гектар алаңда орналасқан. Жуырда лагерьдің аумағында балалардың сабақтан қол үзбей-ақ, сол жерде тұрып, демалулары үшін жаңа оқу корпусын салу жұмыстары басталады.

Өткен жылдың жазында 112 мыңнан аса ақтөбелік оқушы жазғы лагерьлерде демалды, бұл оқушылардың жалпы санының 92 пайызын құрайды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 152 миллиондай теңге бөлінген болатын.

Облыста барлығы 11 қала сыртындағы, 384 мектеп жанындағы және 37 шатырлы лагерь жұмыс жасайды. Лагерьлерде баланың шығармашылық тұрғыдан және тұлға ретінде толықтай дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік  құндылықтарына баулуға және сауықтыруға қажетті барлық жағдай жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу