Ақтөбеде жылу беретін компаниялар халыққа 26 млн теңге қайтаруға міндеттелді

1089

Мұндай шешімді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті шығарып отыр. Арнайы тексерудің нәтижесінде бірнеше компанияның халықтен негізсіз төлемақы алып келгенін көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбеде жылу беретін компаниялар халыққа 26 млн теңге қайтаруға міндеттелді Фото: inbusiness.kz

Департамент 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеп шығарыпты. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тұтынушыларға қайтаруға жататын сома 26 045 931 теңгені (ҚҚС есебімен) құраған. Оның ішінде  "Aqtobe su-energy group"  АҚ-ы 24 327 578 теңгені,  "Бадамша сервис" КМК – 659 891 теңгені, "Коммунальщик" МКК - 435 740 теңгені, "Шубаркудык жылу" КМК – 168 380 теңгені, "Алга-жылу" КМК – 161 942 теңгені, "Улы борсык" КМК – 160 256 теңгені, "Эмба жылу" КМК – 72 622 теңгені, "Жем жылу" КМК – 39 271 теңгені, "Кобда суы" КМК – 11 914 теңгені, "Никельтау жылу" КМК – 8 338 теңгені қайтаратын болды.

Сонымен қатар, барлық тұтынушылардың жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшу барысында тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді. Тиісінше қайта есептеуді жүргізу қажеттілік етпейтінін атап көрсету қажет.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу