Ақтөбе облысы әкімдігінің білім басқармасы 7 жасар баланың ата-анасының өтініші туралы бұған дейін комитетке хабарламаған.
Осыған байланысты комитет лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш жолдады.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында мектеп оқушысының туыстары журналистерге 7 жасар балаға зорлық-зомбылық жасалғанын хабарлаған болатын.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі жария етілмейді.