Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды

835

Ақтөбеде Елек өзенінің жағасынан зорлықпен өлтірілген екі мәйіт табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды Фото: egemen.kz

27 мен 31 жастағы ер адамның өлі денесін бұталар арасынан тапқан.

Оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел-тергеу тобы шықты. Қазір күдіктіні анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

"Аталған дерекке байланысты Алматы ауданының №3 ҚПБ-мен Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі адамның қайтыс болуы ескеріле отырып, қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу