Сот оған әзірге 2 ай қамауда ұстау туралы санкция берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе қаласында "Алаяқтық" бабының аса ірі көлемде шығын келтіру бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүруде. Облыстық соттың баспасөз қызметі іс бойынша 30-ға жуық жәбірленуші бар екенін хабарлаған.
– Ақтөбе облысының полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша бүгінгі күні отызға жуық жәбірленуші бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ақтөбе қаласында дәстүрлі емес медицинамен айналысқан әйел емделуге келушілерін алдап, оларға несие рәсімдеткен, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Осыған дейін Ақтөбеде емші әйел жүздеген адамға гипноз жасап, несие алдыртқанын жазған болатынбыз.