Ақтөбедегі арнайы мектепте аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

360

​Тексеріс басталды.

Ақтөбедегі арнайы мектепте аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген Фото: бейнежазбадан

Ақтөбедегі жемеменшік мектептің бірінде аутизмге шалдыққан 5 жасар ұл баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға "Мозаика" атты мектепте үзіліс кезінде болған. Балалардың бірі 5 жасар ұлды итеріп жіберіп, баспалдақтан құлатқан. Ол басынан, иығы мен арқасынан жарақат алған. Зардап шеккен баланың анасы оқиға тәрбиешінің балаларды қараусыз қалдырған кезде болғанын айтады.

БАҚ-тың мәліметінше, көзге көрінетін жарақатына қарамастан, мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған көрінеді, ата-анасына да хабар бермепті. Анасы тек мектептен алып кетуге келгенде бір-ақ біледі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу