Ақтөбедегі ат жарыста миллион теңге оралдық шабандозға бұйырды

991

Ақтөбедегі ат жарыста миллион теңге оралдық шабандозға бұйырды

Оралдық азаматтың Аймаңдай сәйгүлігі алда келді, деп хабарлайды aktobenews.kz.
Оралдағы ауыл шаруашылығы күндері аясында өткен ат жарысқа Ресей, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО, Маңғыстау, Қостанай облыстары және Қарғалы, Темір, Мәртөк, Шалқар аудандарының жүйріктері топқа қосылды. 
10 шақырым қашықтықтан тұратын тоқ бәйгеде бас жүлдені қызылордалық шабандоз Ринат Аршыбаев "Бесқасқа" атымен басып озса, екінші мен үшінші орындар ақтөбеліктерге бұйырды.
Ал, жүлдесі 1 млн болатын аламан бәйгеде оралдық атбегінің Аймаңдай сәйгүлігі оза шапты. Бозой ауылының Алау аты екінші келді. Жарыс соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы алғысхат пен сертификат табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу