Ақтөбедегі ауыр апат – жасөспірім 20 күннен бері есін жимай жатыр

69

Самара – Шымкент тасжолында болған ірі жол апатынан аман қалған ересектердің барлығы ем қабылдап, үйлеріне шығарылды.   

Ақтөбедегі ауыр апат – жасөспірім 20 күннен бері есін жимай жатыр Фото: yujanka.kz

Ал облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірімнің жағдайы әлі де өте ауыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, № 1 қалалық ауруханада жатқан науқастардың барлығының денсаулығы жақсарып, үйіне жіберілген. Соңғы пациент отадан кейін сауығып, кеше ауруханадан шыққан.

– Баланың жағдайы әлі де өте ауыр, себебі ол бас миының қосарлас жарақатын алған, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылы маңында жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысып, 12 адам қаза тапқан болатын. Тағы бірнеше адам ауыр жарақат алды.

Апаттан кейін Самара – Шымкент тасжолының бір бөлігі уақытша жабылды. Ішкі істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу тобын жіберді.

Сонымен қатар, Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылып, жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу