Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, бар жанында орналасқан балабақшадан 40 адам эвуакацияланды. Оның ішінде 35 бала бар, деп жазады inbusiness.kz
"7 тамыз күні сағат 13:13-те (Астана уақыты бойынша) Ақтөбедегі Alefun сыраханасының жанып жатқаны туралы 112 пультіне хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге 48 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Шақырту орнына барған құтқарушылар мейрамхананың шатыры өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің аумағы – 280 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Қауіпсіздік мақсатында мейрамхана жанында орналасқан балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды.
Тілсіз жау сағат 14:06-да сөндірілген.
Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.