Ақтөбедегі екі су қоймасының толып кету қаупі сейілді

297

Ақтөбе облысындағы су қоймаларының деңгейі әр екі сағат сайын өлшеніп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбедегі екі су қоймасының толып кету қаупі сейілді Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Серік Жұманғарин бүгін таңертең, 2024 жылғы 7 сәуірде, Ақтөбе облысындағы Елек, Қарғалы және Сазды өзендерін жалғайтын үш су қоймасын әуеден бақылады.

Ақтөбе және Сазды су қоймаларында су ағызудың оңтайлы транзиттік режимін енгізу арқасында су толып кету қаупі жоқ. Қарғалы су қоймасындағы келіп жатқан су көлемі жоғары күйінде қалып отыр. Мұнда бір апта ішінде су толуының алдын алу үшін оны ағызу қолмен реттеліп келеді. Жобалық сыйымдылығы 280 млн текше метр болатын Қа

"6 сәуірден 7-іне қараған түні Қарғалы жағалауына жақын орналасқан және су басу қаупі төнген қала шетіндегі үйлердің тұрғындарын жаппай шұғыл эвакуациялау жүргізілді, 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деді Серік Жұманғарин. 

Су тасқыны салдарынан Ақтөбе облысында 1053 тұрғын үй (Ақтөбе қаласында – 135, аудандарда – 918), 46 ғимарат пен құрылыс (Ақтөбеде – 9, Қобдада – 10, Ойылда – 22, Мұғалжарда – 4, Темірде – 1), 232 аула мен 689 саяжай үйі су астында қалды. 17 елді мекенмен жол қатынасы бұзылды.

Өңірде барлығы 15 мың адамға арналған 86 уақытша қабылдау пункті дайындалды. 10 мыңға жуық адам, оның ішінде 4 мыңнан астам бала эвакуацияланды. 10 663 жануар қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (картоп, көкөністер, күріш, қарақұмық жармасы, қант, өсімдік майы, ұн) мөлшері жеткілікті. Осы көлем Ақтөбе мен төтенше жағдай режимі енгізілген аудандарды кемінде 1,5 айға қамтамасыз етуге жетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу