Ақтөбедегі кен орнында өрттен зардап шеккен жұмысшылардың туыстары көмек сұрайды

403

Жаңажол кенорнында зардап шеккен төрт жұмысшыны кеше Ақтөбедегі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізді.

Ақтөбедегі кен орнында өрттен зардап шеккен жұмысшылардың туыстары көмек сұрайды Фото: aikyn.kz

Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, жағдайлары тұрақты ауыр. Күйік деңгейі әртүрлі, 30-65 пайызды құрайды. 

Ал жұмысшылардың жақындары болса тез арада оларды Астанадағы күйік орталығына жеткізуді сұрап отыр. Себебі, Ақтөбеде арнайы орталық жоқ, көмек жеткілікті деңгейде көрсетілмей ме деп алаңдаулы.

"Ағаимның жағдайы үшін алаңдап келдім. Кеше алып келді Ақтөбеге. Көбісінің денесінің 50 пайызын күйік шалған. Басы, беті, денесі күйген. Күйігі ауыр – 3-4 ші деңгей деп жатыр. Қазір бұл жақтағы дәрігерлер барынша көмегін көрсетіп жатыр. Бірақ, мамандандырылған күйік орталығына тасымалдағанын қалаймыз. Астанадағы сондай арнайы орынға жіберсе деп сұраймыз,- деді Арман Абылай. 

-          Ағамды кеше кешкілік алып келді. Осы жерде бүкіл ағайынымыз жедел жәрдем көлігінен түсіріп жатқанда ағамды көріп, танымай қалдық. Бет-аузы қоңыр тартып, ісіп кеткен.  Қолы, аяғы, беті күйген. Содан-ақ, жағдайдың қиын екенін түсіне беріңіздер! Біз жауапты адамдардан зардап шеккен төртеуін де арнайы күйік орталығына жеткізуді сұраймыз!- деді Бибігүл Арыстанова. 

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерге ем-дом жасалып жатыр. Аурухана басшылығы бүгін телемедицина арқылы Астанамен байланысқа шығып, емдеу шаралары туралы кеңес алған. Ертең мамандар Ақтөбеге келуі мүмкін деп күтіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу