Ақтөбедегі сауда кешенінен санаулы минутта шығу мүмкін емес -ІІД

1364

Ақтөбедегі сауда кешенінен санаулы минутта шығу мүмкін емес -ІІД

Ақтөбегі ең ірі сауда, ойын-сауық кешенінде төтенше жағдай тіркелсе, ол жерден санаулы минутта балаларды алып шығу қиын. Бұл туралы айтқан Ақтөбе облыстық ІІД өкілі Бауыржан Атабаев қосымша баспалдақтар қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі адам көп шоғырланатын орындардың барлығы полицияның бақылауында. Әсіресе, білім беру нысандары мен сауда орындары жылына бір рет тексеріледі. Облыстық ІІД жыл басынан бері 14 тексеру жүргізіп, бірнеше кемшілікті анықтады. Көбі -бақылау камерасын қажетті мөлшерде орнатпаған, істен шыққан.

"Барлығы стратегиялық - 8, аса маңызды 14 нысан тексеріліп, бәрінен кемшілік табылды. Ал адам көп шоғырланатын 79 ғимараттың 25-інен кемшілік табылды. Террористік тұрғыдан осал нысан қатарына жатқызылып, тексерілген Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды. "ЗапКазЭнергия" геология орталығы да айып төледі. Қазір Ақтөбе кооперативті колледжі мен "Вега" сауда үйінің ісі сотқа жолданды. Террористік тұрғыдан қарасақ, мектептеріміз дайын емес. Бейнебақылау камералары көбіне істен шыққан. Мектеп директорлары ақша жоқ екенін айтады",- деді Ақтөбе облыстық ІІД өкілі Бауыржан Атабаев.


[null]  

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында террористік тұрғыдан осал 432 нысан бар. Оның 28-і - мемлекеттік маңызы бар, 36 - стратегиялық, 5  -өндірістік, 365 халық көп шоғырланатын нысандар.

"Сенбі, жексенбі жəне мереке күндері сауда, ойын-сауық кешенінде бала көп жүреді. Эвакуациялау тұрғысынан қарағанда санаулы минутта балаларды жоғары қабаттан төмен түсіріп үлгере алмайтынымызды білдік. Сондықтан сауда кешеніндегі кинотеатрды, жаңадан ашылған батут орталығын бақылауға алдық. Террористік оқиға, өрт болса балаларды шығарып үлгермейміз",- деді Бауыржан Атабаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу