Ақтөбедегі шабуылға қатысты іс сотқа жетті

1460

Ақтөбедегі шабуылға қатысты іс сотқа жетті

Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысты айыпталған азаматтардың құқығын сотта 27 адвокат қорғайды, қылмыстық іс 201 томнан тұрады деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

"Қылмыстық іс бойынша сотқа 29 адамның ісі берілген, оның тоғызы түрлі қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, оның ішінде терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны, екеуі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталып отыр" делінген сот таратқан мәліметте.

Осыған дейін Ақтөбе облыстық прокуратурасы 5 маусымдағы шабуыл бойынша жәбірленушілер саны 101 адам деген ақпарат таратқан болатын. Ақтөбе облыстық соты жәбірленушілер саны 101 адам емес, 88 адам екенін хабарлайды. Бұл қылмыстық іс бойынша сотта 48 адам куәлік етпек.

azattyq.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу