2 сәуірде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында заңсыз делдалдық қызметпен айналысқан бір топ тұлғаның қылмысын әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жедел мәліметтерге сәйкес, күдіктілер жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу барысында жалған құжаттарды пайдаланып, ақылы түрде заңсыз қызмет көрсеткен.
Алдын ала анықталғандай, олар Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқан.
Аталған дерек бойынша жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта күдіктілердің әрекеттерін толық құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.