Ақтөбедегі түзету мекемесінде тыйым салынған заттар тәркіленді

154

Оқиға Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне тиесілі №8 мекеменің тексеру бөлмесінде болды.  

Ақтөбедегі түзету мекемесінде тыйым салынған заттар тәркіленді Фото: t.me/qr_iim_uu

Ақтөбе қаласында Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ҚАЖ департаментімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәлемдемені рентген қондырғысын қолдана отырып тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Бұл тұрғыда ҚАЖ қызметкерлерімен бірлескен сержант Айзат Құрмашев пен кинолог-маман Азат Ахуновтың қырағылығы, кәсібилігі және үйлесімді іс-қимылы өз нәтижесін берді.

Тексеру кезінде модем-роутер, портативті акустикалық колонка, үш зарядтау құрылғысы, сондай-ақ флеш-жинақтағыш тәркіленді. Сәлемдемені жіберген азамат ұсталып, заңнамада белгіленген тәртіппен әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖ органдарымен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу