Ақтөбедегі жаңа жылыжай кешені сәуірде іске қосылады

715

Ақтөбедегі жаңа жылыжай кешені сәуірде іске қосылады

Ақтөбеде кезекті жылыжай кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Өңірде 9,5 га алқапта "Greenhouse Kazakhstan" ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын аяқтады, деп хабарлайды "ҚазАгро" акционерлік қоғамы.

Сәуір айында ресми түрде пайдалануға берілетін нысан "ҚазАгро" ұлттық холдингі қаржыландырған ірі жобалардың қатарына кіреді. Кешеннің жалпы құны – 4,9 млрд. теңге, оның 3,4 млрд теңгесін инвестициялық жобаларды іске асыру аясында Холдинг құрылымындағы "ҚазАгроҚаржы" АҚ бөлді.

Жылына 5700 тоннаға дейін өнім шығаратын жоба іске асырылған соң аймақта жаңа жұмыс орындары ашылады, еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ республиканың ішкі нарығында бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімінің үлесін ұлғайтады.

Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Кешеннің барлық қажет металл конструкциясы құрастырылған, 100 000 шаршы метрден астам әйнек орналастырылған, электр кабелі мен құбыр жүргізілген.

Бүгінгі күні "ҚазАгро" ұлттық компаниясы жылыжай құру бойынша жалпы құны шамамен 47 млрд теңгенің 41 жобасын қаржыландырған. Оның жалпы ауданы 119 га және өндірістік қуаты 47 мың тонна болатын 36 жылыжайы іске қосылды. Бұл нысандарды іске қосу барысында 1464 жұмыс орны ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу