Ақтөбедегі жер үйде газ құрылғысы жарылып, 2 адам ауруханаға түсті

552

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті.  

Ақтөбедегі жер үйде газ құрылғысы жарылып, 2 адам ауруханаға түсті Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі сағат 2:37-де Шұбарши ауылындағы 8-наурыз көшесінде оқыс оқиға орын алған.

"Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп сәтте жарылып, 84 шаршы метр болатын қабырға мен шатыры құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу