Ақтөбедегі жол апатынан атасы мен немересі көз жұмды

1076

Ақтөбе облысында жол апатынан атасы мен немересі көз жұмды. Облыста жыл басынан бері қырыққа жуық адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған, - деп жазды inbusiness тілшісі.  

Ақтөбедегі жол апатынан атасы мен немересі көз жұмды

Оқиға 13 шілде күні болған. Темір ауданының 62 жасар тұрғыны "ВАЗ-2114" маркалы автокөлігімен "Покровка-Жаңажол" автожолының 30 шақырымында аударылып кетеді. Соның салдарынан жүргізушінің өзі мен 15 жасар немересі сол жерде көз жұмады, марқұмның көлікті болған 18 жасар тағы бір немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жеткізілген.

Өкінішке қарай, аймақтағы жолда көліктердің соқтығысуынан немесе аударылып кетуінен болған қайғылы жағдай тек бұл емес. Маусымның 21-і күні Қарабұтақ-Қостанай трассасында "Lifan" автокөлігі Ресей елінің азаматы айдап келе жатқан "MAN" жүк көлігімен соғысып, 41 және 62 жастағы екі жолаушы сол жерде  қайтыс болды. Ал мектеп директорлары мінген көліктің аударылып, екі білім мекемесі басшысының оқиға орнында көз жүмғанын бұған дейін жазған болатынбыз   https://inbusiness.kz/kz/last/aktobede-mektep-direktorlary-otyrgan-kolik-audaryldy.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2021 жылы облыста 248 жол-көлік оқиғасы болып, оның салдарынан 39 адам қаза тауып, 338 адам жарақаттанған. Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері – жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығып кету, қиылыстардан өту мен бұрылу ережелерін бұзу, сондай-ақ, мас күйінде көлік айдау деп анықталып отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу