Ақтөбедегі жол апатынан соң жаттықтырушы мен 4 бала ауыр хәлде

602

Жарысқа бара жатып, жол апатына ұшыраған жаттықтырушы мен төрт оқушы ауыр хәлде жатыр.

Ақтөбедегі жол апатынан соң жаттықтырушы мен 4 бала ауыр хәлде

Балалар Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында, ал жаттықтырушы облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем алуда.  

"Екі балаға бас сүйегінің трепанациясын жасадық, бір бала сынған сүйегіне жабық репозиция жасалды. Екі балаға лапароскопия жасалды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Жаттықтырушының мойын омыртқасы бірнеше жерден сынған. Дәрігерлер жабық-бас ми жарақаты, бас сүйегінің жарақты деген диагноз қойып отыр.

"Жағдайы ауыр, комаға түсті. Жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Көлікте жүргізушіден басқа жаттықтырушы мен 9 бала болыпты. 11-12 жастағы балалар. 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу