Ақтөбедегі журналистің өліміне қатысты іс қозғалды

910

Ақтөбедегі журналистің өліміне қатысты іс қозғалды

Ақтөбеде лифтіде қаза болған Айзат Әбдісаматтың оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

"4-сәуір күні кезекші бөлімге тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде адам мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "Сапасыз салынған құрылыс" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды",- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, лифт ішінде Айзат Әбдісаматтың 3 жастағы қызы болған. 28 жастағы келіншек жедел жәрдем келгенше қаза болды. Оның аяғы есікке қыстырылып, денесінен бөлініп қалған. Айта кетейік, Айзат Әбдісамат жергілікті "Ақтөбе" телеарнасында таңғы бағдарламаны жүргізіп, балалар бағдарламасын ашқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу