Ақтөбеден 150 мың текше метр қар шығарылды

534

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша Ақтөбеде қардың қалың түсуіне байланысты мердігер ұйымдар күшейтілген режимге көшті.    

Ақтөбеден 150 мың текше метр қар шығарылды Фото: gov.kz

Өңір басшысы қаланы аралау барысында қар шығару және суағарларды тазарту жұмыстарының нәтижелерін тексерді, деп жазады inbusiness.kz.

Мердігер ұйымдардың өкілдері облыс әкіміне тартылған арнайы техника мен бригадалар жөнінде ақпарат берді.

Қазір қала көшелерінде тәулік бойы екі ауысымда 14 мердігер жұмыс істейді. Тағы үшеуі су басу қаупі бар Мәскеу, Құрмыш, қалалық сүт зауыты және Шанхай сияқты аудандардан қар шығарумен айналысады.

Бұл жұмыстарға барлығы 243 арнайы техника тартылды. Қыс басталғалы полигондарға 150 мың текше метр қар шығарылған.

Ақпан айында қардың қалың түсуінен бұған дейін тазартылған учаскелерде жұмыстар қайта жүргізілуде. Арықтар мен суағарлар да екінші рет тазартылып жатыр. Облыс әкімі Ғ.Жұбанова, М.Шоқай және Мәңгілік ел көшелеріндегі қар шығару жұмыстарының барысын тексеріп, "Береке" тұрғын алабы ауданындағы су өткізгіш құрылысты қарап шықты.

Қаланы аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мердігерлерге жұмыс қарқынын арттырып, қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу