Ақтөбеден Ресейге қатынайтын көлік аударылып, 4 адам көз жұмды

762

Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. 

Ақтөбеден Ресейге қатынайтын көлік аударылып, 4 адам көз жұмды Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбе-Орск тасжолында жеңіл көлік аударылды. Төрт жолаушы көз жұмды. Дәл осы такси қызметінің жүргізушісін бірнеше сағат бұрын полиция тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерту бергені анықталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 5 маусым күні сағат сағат 15:00 шамасында болды. Ақтөбе-Орск арасында жолаушылар тасымалдайтын Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Қарғалы ауданы Ащылысай ауылы маңында аударылып қалды. Салдарынан төрт адам мерт болып, бір адам ауруханаға түсті.

— Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушылар тасымалдайды. Ол бұл қызметті ресми атқарады. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізді. Бірақ жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу