Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны мас күйінде әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, өзін дөрекі ұстаған. Экипаждың заңды талаптарына да бағынбаған.
Әуе кемесі командирінің актісіне сәйкес, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция қызметкерлері жолаушыны рейстен түсіріп алды. Алайда тәртіп бұзушы полиция келген кезде де тынышталмай, билік өкілдерінің заңды талаптарына қасақана қарсыласқан.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша хаттама толтырылды.
Ол – қоғамдық орынға алкогольдік мас күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органының қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны. Іс материалдары сотқа жолданды.