Ақтөбеге 19 вагон көмір келе жатыр

987

Әзірге 25 200 тонна көмір келген. 

Ақтөбеге 19 вагон көмір келе жатыр
Биылғы қыстан шығу үшін Ақтөбе облысы тұрғындарына шамамен 28 000 тонна көмір қажет. Қазіргі күні тоннасы 13 000-16 000 теңге тұратын 25 200 тонна көмір жеткізілген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
 
Өңірде көмір сататын 10 теміржол тупигі бар. Тұрғындарға көмір Шұбаркөл, Қаражыра, Майкөбен көмір алаптарынан жеткізілуде.

"Дүрлікпе жағдай болдырмау мақсатында көмір өңірлік жеткізушілермен тамыз айынан бастап тасымалдануда. Бір айта кететін жайт, басқа өңірлермен салыстырғанда Ақтөбе облысында тұрмыстық көмірге қажеттілік өте төмен. Бұл республика бойынша жалпы көлемнің 0,4 пайызын құрайды. Қажетті көмір отынының негізгі көлемі тұрғындардың сұранысына қарай қараша-желтоқсан айларында тасымалданады. Бүгінгі күні 19 вагон немесе 1 330 тонна көмір отыны жолда келе жатыр", – дейді Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев.

Ақтөбе облысында соңғы жылдары елді мекендерді көгілдір отынмен қамту ісі қарқынды жүріп жатыр. Соған қарамастан, халықтың бір бөлігі әлі де көмірді тұтынуда. Жыл сайын көмірмен алғашқы кезекте әлеуметтік нысандар қамтамасыз етіледі. Биыл көмір бағасы тағы да қымбаттаған. Қазіргі күні оның ең қымбат бағасы Орал қаласында тіркелген, ол тоннасына 19,3 мың теңге тұрады. Бір тоннасы 9,8 мың теңге болатын ең арзан көмір Семейде екен.
 
Құралай Қуатова 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу