Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге Қызылорда облысы 60 мың тонна азық-түлік жіберді. Кеше Ақтөбеге 8 "КамАЗ" жүк келді.
"18 сәуір күні Қызылорда облысының жастары су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету үшін үндеу жариялады. Бұл үндеуді облыстағы кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары қолдады. Облыстағы 7 ауданнан 8 гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылды. Нәтижесінде Ақтөбеге 60 тонна азық-түлік жиналды.
"Ақтөбе біздің облыспен шекаралас болғандықтан алғашқы көмекті көршімізден бастадық", – дейді Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев.
Қызылорда облысынан жеткізілген азық-түліктің негізгі бөлігі — күріш, макарон, картоп, пияз, күнбағыс майы, ұн. Сонымен қатар киім-кешек те бар.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның айтуынша, жеткізілген азық-түлік қоймаларға орналастырылып, бір аптадан соң комиссияның шешімімен зардап шеккен отбасыларға үлестіріледі. Себебі қазір зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Облыстың аудандарынан да қажетті заттар келді, иналған заттар ретімен бөліп беріледі.