Ақтөбеге шетелден ұшып келген жолаушылардың 50%-ында анықтама болмады

598

1 701 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 1 353, анықтамасыз 348 адам келді.  

Ақтөбеге шетелден ұшып келген жолаушылардың 50%-ында анықтама болмады

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 

2020 жылғы 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстан Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 838, анықтамасыз - 186;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен - 396, анықтамасыз - 41;
- Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен - 119, анықтамасыз - 121.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға сараптама жасалды. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу